Желтоқсанда Ақмола облысы мен Астана қаласында әлеуметтік тұрғыдан осал D және E санатындағы азаматтарды әкімдіктердің жарналары есебінен қамту бойынша пилоттық жоба өткізу жоспарланып отыр. МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бұл механизм жаңа жылдан бастап ел бойынша іске қосылмақ.
Белгілі болғандай, қазақстандықтардың шамамен 60%-ы МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіреді, яғни олар үшін жарнаны мемлекет төлейді (мысалы, зейнеткерлер, балалар, студенттер, жүкті әйелдер, мүгедектігі бар жандар, ресми тіркелген жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және басқалар).
Қазір Қазақстанда 3,5 миллионға жуық адам (халықтың 17,9%-ы) МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардың шамамен 1 миллионын әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейде деп танылғандар құрайды.
2025 жылдың 14 шілдесінде қабылданған заң аясында Президент жергілікті атқарушы органдарға тұрғындарды медициналық сақтандырумен қамту жұмысын күшейтуді және медициналық көмекке жүгінген, жұмыс істемейтін, табысы төмен азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді тапсырды.
«Әкімдіктер жарнаны D және E санатындағы барлық адамдар үшін емес, нақты МӘМС аясында медициналық қызмет алған азаматтар үшін төлейді. Механизмді мысалмен түсіндірейін. Цифрлық отбасылық карта деректері бойынша, Астанада бұл санаттарға 26 065 адам кіреді. 2026 жылдың басынан бастап оларға МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу құқығы беріледі. Ал егер қаңтар айында олардың 5 245-іне медициналық көмек көрсетілсе, онда келесі айдан – яғни ақпаннан бастап және жыл соңына дейін Астана қаласының бюджеті осы 5 245 адам үшін жарналарды аударады. Дәл осындай тәртіппен наурыз айында ақпанда МӘМС бойынша медициналық көмекке жүгінген D және E санатындағы тұлғалар үшін төлем жасалады», – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.
Аталған механизмнің техникалық іске асырылуына арналған пилоттық жоба биылғы жылдың желтоқсанында Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктерімен бірге жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Қорда ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарының төлену тәртібі өзгеретіні атап өтілді: қазір бұл жарналарды республикалық бюджет төлейді, ал 2026 жылдың басынан бастап оларды жергілікті атқарушы органдар төлеуге міндетті. Тек субсидияланатын жұмысқа орналасқан немесе жұмыс берушіде оқып жүрген адамдар бұдан тыс қалады.
«Бұл шешім өңірлерге жұмыс орындарын көбірек ашуға, азаматтарға жұмыс табуға көмек көрсетуге, кедейлікті азайтуға және жұмыссыздарды неғұрлым дәл есепке алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасылардың тұрмысын жақсартуға сеп болады. Нәтижесінде осал топтар медициналық көмекке қолжетімділігін сақтайды, ал 2026 жылы МӘМС жүйесіне шамамен 45,3 млрд теңге түседі, оның 30,4 млрд теңгесі – әлеуметтік осал азаматтар, 15 млрд теңгесі – жұмыссыздар үшін аударылатын жарналар. Бұл өз кезегінде сапалы медициналық қызметті пайдаланатын адамдар санын арттырады», – деп атап өтті Сәуле Тәжібаева.
Жарна мөлшері өңірдегі орташа жалақыға сүйене отырып, басқа жеңілдік санаттары үшін қолданылатын ережелерге сәйкес есептеледі.

24.11.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026